Алматы зообағында керік төлдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы зообағында керік төлдеді

Алматы зообағында керік төлдеді

Алматы зообағында керік төлдеді. Бұл туралы қалалық зообақтың баспасөз хатшысы Михаил Сорокоумов хабарлады.

  • 2 Қазан 2015
  • 532
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Грация есімді керік қыркүйектің басында төлдеген. Дүниеге келген төл зоопарк қызметкерлерінен өзге келушілердің назарынан тыс бағылып келді.

Зообақ өміріне бейімделген соң ғана кішкене жануар отбасы мүшелерімен танысты.

Әлсіздігіне байланысты ауа температурасы 15 градустан жоғары болса ғана жануар сыртқа серуендеуге шығады.

Баспасөз хатшысының айтуынша, жас төлдің есімін келушілер әлеуметтік желі арқылы қояды.

Айта кету керек, Оңтүстік Африка Республикасынан ерекше жануардың  Алматы зообағында дүниеге келген 11-ші төлі болып отыр.  


2
3
4

Соңғы жаңалықтар