Жарияланды: 380

Алматы-2 вокзалына жарылғыш құрылғысы қойылғаны туралы қоңырауға байланысты 250 адам эвакуацияланды

Алматының Жетісу ауданында орналасқан Алматы-2 вокзалынан жарылғыш құрылғысы орнатылғаны туралы қоңырауға байланысты 250 адам, оның ішінде 15 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды дүйсенбі күні ТЖМ қызметі.

«29 мамыр күні сағат 14:35-те вокзалдың ғимаратына жарылғыш құрылғысы орнатылғаны туралы аноним ақпарат түсті. 250 адам эвакуацияланды, оның 15-і - балалар», - делінген хабарламада. Жүргізілген арнайы шаралар барысында жарылғыш құрылғысы табылған жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін