Ақтөбе стансасындағы Желілік ішкі істер бақармасының баспасөз қызметінен хабарланғандай, ұсталған азамат Ақтөбе тұрғыны болып шықты. Одан 5,5 келі марихуана табылып, тәркіленді.
Анықталғандай, есірткі курьері есірткіні Алматы қаласынан Ақтөбе қаласына жеткізбек болған.
ҚР КҚ-нің 259-бабы, 1-бөлімінің 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.