Облыстық ТЖ департаментінің хабарлауынша, автобустың жолда тұрып қалуына механикалық ақау себеп болыпты.
«20 жолаушы Қалбатау ауылындағы аудандық әкімдік ғимаратына орналастырылды. Олардың дені балалар мен әйелдер», — дейді департамент өкілі.
Өткен тәулікте аймақта қар аралас жаңбыр жауып, салдарынан жолдар көктайғаққа айналды. Құтқарушылар бірнеше рет күре жолға шығып, екі автобус пен оннан астам жеңіл көлікті қар құрсауынан босатып алған болатын.