Алматы-Астана тас жолында үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 480.55
  • 533.75
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
7 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы-Астана тас жолында үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Алматы-Астана тас жолында үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Алматы облысында үш көлік соқтығысқан жантүршігерлік апаттан бір адам қаза тапты, деп хабарлады өңірдің  ІІД баспасөз қызметі.

  • 30 Мамыр 2016
  • 473
Фото - Caravan.kz

Полицейлердің деректеріне сүйенсек, жол-көлік оқиғасынан төрт адам зардап шегіп, біреуі оқиға орнында жан тапсырды. «БМВ-520» және екі «Мазда» көлігі «Алматы-Астана» тас жолында соқтығысты.

 «Алдын ала анықталғаны,  жүргізушілердің бірі рульді басқара алмай, қарсы жолға шығып кетіп, қарсы келе жатқан екі көлікке соқтығысқан», — деп хабарлады ІІД.

Апат фактісі бойынша сот алды тергеу басталды.


Екі әйел, бір ер адам Қаскелең ауруханасына жеткізілді.

Еске салсақ, жуырда Алматы облысында Алматы-Бішкек жолының 109 шақырымында    «Форд Фокус» және «Хонда Элисон» көліктері соқтығысып, 5 адам ажал құшқан, тағы екеуі ауруханада көз жұмған еді.