Жарияланды: 500

“Алматы-Атырау” пойызында 39 бала астан ұшынды

Бүгін 39 бала астан ұшынып, Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Барлығы таңғы 6 жарымда «Алматы-Атырау» бағытында қатынайтын пойыздан түсіріп алынды. 

12 мен 15 жас аралығындағы жеткіншектер Алматы облысындағы жазғы демалыс лагерінен Атырауға қайтып бара жатқан. Тамақты осы отарбадағы мейрамханадан жепті. Кейін өздерін нашар сезініп, Қызылордаға келгенде пойыздан түсіріліп, дереу ауруханаға жеткізілген. 39 баладан бөлек мейірбике мен тәрбиеші де ұшыныпты. Барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Қазір дәрігерлердің бақылауында. Осы оқиға бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін