24 жастағы Қырғызстан тұрғынын Алматы қалалық ІІББ-ның есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері 21-наурыз күні кешкісін Төле би және Руднев көшелерінің қиылысында ұстады. Тінту нәтижесінде одан 568,56 грамм героин тәркіленді.
Қазір тұтқын уақытша тергеу қапасында отыр. Есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.