Алматыда 1 маусымда балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
0 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 1 маусымда балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді

Алматыда 1 маусымда балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді

Алматыда 1 маусымда балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді.

  • 31 Мамыр 2022
  • 42
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Балаларды қорғау күніне орай 1 маусымда 16 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікте (автобус, троллейбус, метро) тегін жүре алады", — делінген хабарламада.

Халықаралық балаларды қорғау күні жыл сайын 1 маусымда аталып өтіледі, ол 1949 жылғы қарашада бекітілген.

Балаларды қорғау күні ересектердің назарын балалардың өз пікірін еркін айтуына, білім алу құқықтары сақталуына, зорлық-зомбылықтан және өмір сүру құқығынан қорғауға аудару мақсатында өткізіледі. Ата-ана да мемлекет секілді балалардың құқықтары мен бостандықтарын мойындауы және сақтауы тиіс. Бұл туралы БҰҰ 1959 жылы қабылдаған Бала құқықтары декларациясында айтылған.


Перейти к новостям спорта