Алматыда 1 миллион шаршы метрге жуық болатын ескі үй сүрілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 518.5
  • 601.62
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 1 миллион шаршы метрге жуық болатын ескі үй сүрілмек

Алматыда 1 миллион шаршы метрге жуық болатын ескі үй сүрілмек

Алматыда жалпы аумағы 1 миллион шаршы метрге жуық болатын ескі үйлер сүрілмек! Қаланың бас жоспарына түзету енгізуге қатысты жиында осындай ұсыныс жасалды.

  • 10 Қыркүйек 2015
  • 233
Фото - Caravan.kz

Сүрілетін үйлер арасында жеке секторлармен қоса екі қабатты үйлер де бар. Олардың көбі 80 жылға жуық уақыт бұрын салынып, қазір әбден тозығы жеткен. Бұған қоса, баспана ережесіне сәйкес еместері де қиратылмақ. Олар қалада жиі болатын жер сілкінісіне төтеп бере алмайды. Мұндай үйлер тұрғындар үшін қауіпті дейді шенеуніктер. Ал сүрілетін үйлердің иелеріне арнайы бағдарлама бойынша жаңадан тұрғызылатын үйлерден пәтер беріледі деп сендірді. Бұл 2002 жылы жасалған жоспарға енгізілгелі отырған алғашқы өзгеріс. Ол алдағы 15 жылда жүзеге асады делініп отыр.