Алматыда 1 шілдеде Шенген келісіміне кіретін бес мемлекеттің виза орталығы ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.62
  • 513.22
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 1 шілдеде Шенген келісіміне кіретін бес мемлекеттің виза орталығы ашылады

Алматыда 1 шілдеде Шенген келісіміне кіретін бес мемлекеттің виза орталығы ашылады

Алматыда 1 шілдеде Шенген келісіміне кіретін бес мемлекет – Венгрия, Аустрия, Латвия, Словакия және Словения елдерінің бірлескен виза орталығы ашылады, делінген Венгрияның бас консулдығының ақпаратында.

  • 30 Маусым 2011
  • 724
Фото - Caravan.kz

Құжатқа сәйкес, Венгрияның Алматыдағы бас консулдығы осыдан бір жылдай уақыт бұрын Шенген келісімі бойынша әріптестерімен Алматыда Венгрияның бас консулдығының негізінде бірлескен виза орталығын құру туралы келіссөздер жүргізе бастаған.

Келіссөздердің нәтижесінде Венгрия мен Словакия арасында қол қойылған келісімге сәйкес, 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап Венгрияның Алматыдағы бас консулдығы Словакияның атынан шенген визасына өтініштер қабылдап, бере бастайды.

Осылайша, 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап Венгрияның Алматыдағы бас консулдығы өкілеттік ететін елдердің саны беске дейін артады: Венгрия, Аустрия, Латвия, Словакия және Словения. Осыған байланысты Венгрияның Алматыдағы бас консулдығының виза бөлімін Венгрия, Аустрия, Латвия, Словакия және Словения елдерінің бірлескен виза орталығы етіп өзгерту туралы шешім қабылданды.

Бірлескен виза орталығын құрудағы басты мақсат – Қазақстан тұрғындары үшін шенген визаларын беру жағдайларын жақсарту. Қазақстан аумағының үлкендігін және виза алу үшін биометрикалық мәліметтер (саусақ таңбалары мен фотосуреттер) жинала басталатынын ескерсек, Қазақстанда мұндай виза орталығының ашылуы аса маңызды.

«Біздің ұзақ мерзімді мақсатымыз Алматыда өз өкілеттіктері жоқ Шенген келісімінің өзге елдерінің бірлескен виза орталығына тарту. Шенген келісіміне кіретін барлық елдердің Астанада және Алматыда өкілеттіктері болса немесе шенген визаларын беру мәселелерінде басқа ел арқылы өкілеттік етсе, жақсы болады деп есептейміз», — делінген баспасөз мәлімдемесінде.