Алматыда 10 мыңнан астам адам психикалық клиникалардың есебінде тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 10 мыңнан астам адам психикалық клиникалардың есебінде тұр

Алматыда 10 мыңнан астам адам психикалық клиникалардың есебінде тұр

Дәрігерлер Қазақстанда психикалық ауруларға жаңадан шылдыққандар санының көбейіп жатқанына алаңдаулы.

  • 11 Қазан 2018
  • 20
Фото - Caravan.kz

Дәрігерлер Қазақстанда психикалық ауруларға жаңадан шылдыққандар санының көбейіп жатқанына алаңдаулы. Биыл Алматыда былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жүйке ауруына шалдыққандар 14 пайызға артқан, деп хабарлайды Today.kz Астана арнасына сілтеме жасап. 

Осы күнге дейін қоғам үшін жабық болып келген психикалық аурулар клиникасында ем алып жатқан әрбір науқастың өз тағдыры бар. Ерлер және әйелдер бөлімшесі болып бөлінген мекеменің әдеттегі ауруханалардан айырмашылығы көп емес. Тек бөлмелерге есік қойылмайды. Терезелері тормен жабылған. Емделушілерге аяқ киімнің бауы, белдік немесе өткір құралдар пайдалануға қатың тыйым салынған.

"Мұндай науқасқа шалдыққан адам ешқашан өздігінен ауруын мойындамайды. Ол созылмалы түрге айналған кезде ғана мамандарға жүгінеді. Көбіне адамның мінез-құлқының өзгергенін, қылықтарының құбылғанын және ұйқысы қашып, тәбетінің болмауын көбіне туыстары байқайды", – дейді "Психикалық денсаулық орталығы" МКК бөлім меңгерушісі Фардана Халықова. 

Алматыда қазір 10 мыңнан астам адам психикалық клиникалардың есебінде тұр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға артқан. Жылына орта есеппен 300 адам жүйке жүйесі аурулары клиникасына келіп емделеді.  


"Бізде қазір 10 мың 600 адам есепте тұрса солардың 70 пайызы шезофриния, яғни, тұқым қуалайтын аурулар. Жұрттың бәрінің ойлайтыны, осы психикалық аурумен ауыратындар сөйлесе алмайды, жұмыс істей алмайды деген түсінік қалыптасқан. Бұл қате пікір. Олар уақтылы дәрісін ішіп, емін қабылдап, кеңесін алып отырса, олар қалыпты адамдар. Жұмысқа жарамды, отбасылары бар адамдар", – дейді "Психикалық денсаулық орталығы" МКК директоры Сапар Рахменшеев. 

Психикалық ауытқушылықтарға тұқым қуалаушылықтан тыс өзге факторлар да әсер етеді. Мамандардың айтуынша, жүйке жүйесінің ауруының қоздырғышы ретінде технологияның дамуы, соның ішінде ғаламтор мен компьютерлік ойындарға деген тәуелділік алдыңғы орынға шығып кеткен. Дәрігерлер ата-аналарға балаларды осы ғасыр індетінен қорғауға шақарады. 

Соңғы жаңалықтар