Жарияланды: 450

Алматыда 100-ден аса кәсіпкер мен компания ойын бизнесімен айналысады - телеарна

Алматы. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда жыл басынан бері ойын бизнесімен айналысатын 100-ден астам кәсіпкер мен компания ресми түрде тіркелген, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Телеарна мәліметтеріне сүйенсек, ойынхана немесе ойын салонын ашу үшін бақылаушы органдарды өзіңнің мекемеңде ақшалай ұтыссыз ойнайды деп сендірсең жеткілікті. "Ойын залдары құпия пәтерлерде жасырынбайтын болды. Өз бағын заңды түрде кез келген үміт білдіруші сынай алады. Ойын клубтарының әкімшілік жұмыстарын жүргізушілердің барлығында да құмар ойындарға тыйым салынғаннан кейін берілген мемлекеттік тіркеу туралы куәліктері бар", - деп хабарлайды КТК тілшісі. Салық департаменті клиенттерге ұтыс ақшасын төлеместен рулетка айналдыруға уәде берген адамдардың ойын залдары заңды түрде жұмыс істеп тұрғанын растады. Оларды ешқандай кедергісіз тіркеуден өткізеді. "Тек биылғы жылы жүзден астам кәсіпкер Салық комитетінен рұқсат алған. Жеке әңгімеде олар қызық үшін ойнайтындар ойынханаға келмейтінін мойындайды", - деп атап көрсеткен КТК тілшісі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть