Алматыда 10,5 мың жасанды АҚШ долларын сатпақ болған облыс тұрғыны ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 10,5 мың жасанды АҚШ долларын сатпақ болған облыс тұрғыны ұсталды

Алматыда 10,5 мың жасанды АҚШ долларын сатпақ болған облыс тұрғыны ұсталды

Алматыда аса қауіпті қылмыстармен күрес жөніндегі оңтүстік аймақтық басқармасының қызметкерлері 10,5 мың жасанды АҚШ долларын сатпақ болған жерінен Алматы облысының тұрғынын ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне бүгін, 12-қазанда ҚР ІІМ-нің аса қауіпті қылмыс түрлерімен күресті үйлестіру орталығының ауыр қылмыстармен күрес жөніндегі оңтүстік аймақтық басқармасының бастығы Сапабек Дүйсенов хабарлады.

  • 12 Қазан 2005
  • 477
Фото - Caravan.kz



С.Дүйсеновтың хабарлауынша, Алматы облысы Ащыбұлақ ауылының 47 жастағы тұрғыны 11-қазанда Алматы қаласы Алмалы ауданындағы бір қонақ үйде қолға түсті. Тәртіп сақшылары тұтқыннан номиналы 100 долларлық 105 жасанды купюраны тәркіледі. С.Дүйсеновтың айтуынша, қағаз ақшалар айрықша сапалы жасалған. Ол «жасанды долларлар Қазақстан аумағынан тысқары жерде жасалған» деп пайымдайды. Қазір тәртіп сақшылары «ақшаның пайда болу көзін» анықтауға тырысуда.
Тұтқын уақытша тергеу абақтысына қамалды. Қылмыстық с қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта