Алматыда 11 жастағы қыздың асқазанынан бір келі шаш алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 11 жастағы қыздың асқазанынан бір келі шаш алынды

Алматыда 11 жастағы қыздың асқазанынан бір келі шаш алынды

Баланы бір апта бойы іш ауруы, құсу, тәбетінің болмауы байқалған.

  • 6 Ақпан 2023
  • 16
Фото - Caravan.kz

Алматыда дәрігерлер шұғыл ота кезінде 11 жастағы қыздың асқазанынан бір келі шаш алды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Бойжеткен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.

"Баланы бір апта бойы іш ауруы, құсу, тәбетінің болмауы, жалпы әлсіздік мазалаған. Ауруханаға жатқызар алдында қыз асқазан-ішек жолдарының бұзылуына байланысты амбулаторлық ем алды", — дейді Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының іріңді және кеуде хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Саматбек Мырзахмет.

Ультрадыбыстық зерттеу көмегімен дәрігерлер асқазан көп мөлшерде эхо-теріс түзілімге толып қалғанын білген. Асқазанда көптеген гетероген бөлшектер, шаш өрімі және шырыштан тұратын лас қара түсті бөгде дене анықталған.


"Асқазан қуысында үлкен көлемдегі тығыз түзіліс табылды және жойылды: салмағы 1 келі бөгде дене (трихобезоар)", — деді Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының балалар хирургі Сәуле Сүлейманова.

Дәрігерлер шаштың бұлай жиналуы басынан, қасынан және кірпіктерінен шашты жұлып, жұтуға патологиялық бейімділігі бар қыздарда кездесетінін атап өтті — триотилломания. Бұл ауру көбінесе обсессив неврозы бар балаларға, девиантты мінез-құлқы бар балаларға әсер етеді.