Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Алматы қаласында тағы бір сараптамадан коронавирус анықталды. Бұл 2008 жылы туған қыз, бізге Германиядан ұшып келген. Қазіргі уақытта Алматыда жеті, Нұр-Сұлтанда екі жұқтыру дерегі тіркелді", — деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 8-ге жетті хабарланған еді.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикада төтенше жағдай жариялау туралы қаулыға қол қойған болатын.