Осыған орай, бүгін Евро-5 экологиялық сыныптағы төмен еденді жаңа автобустар №124 бойынша жолға шықты, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұрындары тасымалдаушы техникалық жағдайы төмен жылжымалы составтың төрт бірлігін линияға жіберетін. Осының салдарынан Алатау ауданы тұрғындарынан көп шағым түскен еді, олқылықтың орнын толтыру үшін ұзындығы 12 метрлі кондиционерлеромен, видеобақылау камераларымен, пандустармен және басқаларымен жабдықталған автобустар ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
Бұдан былай 20 көлік бірлігі Водник және Горный Гигант елді мекендеріне қызмет көрсетеді, интервал 10 минут. Қозғалыс жиілігінің және жаңа автобустардың арқасында осы бағыттағы жолаушылар легі 2,5 есе артады деп күтілуде.
Еске салайық, Алматыда №69, 131, 115, 127, 12, 22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112,22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта жаңарып, №1 бағыт пен №201 магистральды бағыты ашылған еді. Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерді көлікпен толық қамту үшін 10 бағыт ашылған болатын.