Е.Лавлинскаяның айтуынша, Алматыда алғашқы қызылшаға шалдығу оқиғасы қаладағы жоғары оқу орындарының студенттері арасында 2004-жылдың қазан айында тіркелді. Дәрігерлердің пікірінше, ауру көрсеткішінің артуына қызылшаға қарсы ревакцинациялық шарадан өткен ұрпақтар арасында үзіліс пайда болуына байланысты жастар ағзасының иммундық қорғаныс қабілетінің кемуі түрткі болып отыр.
«Бүгінде қызылшаға шалдығу көрсеткішінің кему ағымы нақты байқала бастады. Эпидемилог мамандардың жұмысыодан әрі жалғасуда»,- деді Е.Лавлинская.
Алматы қалалық СЭС -тің мәліметі бойынша, 2004-жылдың қазаны мен 2005-жылдың қаңтар айлары аралығында қызылшаға шалдығуға қатысты 1800 оқиға тіркелді. Олардың 75 проценті жоғары оқу орындары мен колледждердің 15 жастан жоғары студенттері.
Алматыда бұған дейін қызылша белең алу көрінісі 1998-жылы тағы да студенттер арасында тіркелген.