Алматыда 15-сәуірде жылыту маусымы аяқталады - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 15-сәуірде жылыту маусымы аяқталады

Алматыда 15-сәуірде жылыту маусымы аяқталады

Алматы қалалық әкімшілігінің қаулысы бойынша 15-сәуірде қалада жылыту маусымы аяқталады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне АПК АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Сәуiр 2005
  • 485
Фото - Caravan.kz

Компаниядан хабарлауынша, жылу желісінің 132 градустық ең жоғарғы температураға төзімділігін тексеру мақсатында жүргізілетін сынақтарға байланысты қалада біраз уақыт ыстық су берілмейді. 18-22 сәуір аралығында Байзақов көшесінен батысқа қарай ыстық су үзіледі. Қаланың бұл бөлігіндегі сынақ жұмыстары 20-сәуірде 7-18 сағат аралығында жүргізіледі.

Ал қаланың орталық бөлігінде, Байзақов көшесінен шығысқа қарай ыстық су жіберу 25-29-сәуір аралығында үзіледі. Сынақ 27-сәуір күні 7-18 сағат аралығында жүзеге асырылады.

Перейти к новостям спорта