Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен 1 млн. доллардың ипотекалық несиесін алу туралы өтініш мақұлданды, ал жалпы өтініштер сомасы 2,5 млн. долларды құрайды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 15-сәуірден бастап Халық банкі «Ипотека Lights» деп аталатын жаңа несиелік бағдарлама аясында жеңілдетілген тәртіппен аз өсімді несиелер бере бастады. Атап айтсақ, бағдарлама бойынша қарыз алушының жылдық 7-11 проценттік өсіммен сатып алатын үйдің толық құнына тең мөлшерде несие алуға мүмкіндігі бар. Тағы бір айта кетер артықшылығы сол, бағдарлама бойынша қарыз алушының төлемдік қабілеті есептелмейді, сондай-ақ, банк несие мөлшеріне қандайбір шектеу қоймайды.
«Ипотека Lights» бағдарламасының шарты бойынша сатып алынатын үйдің өзі мен Халық банкіндегі ақшалай салым несие алуға кепілдік болмақ. Салым мөлшері қозғалыссыз мүлік құнының 15-50 проценті аралығында болуы тиіс. Несие алу мерзімі 15 жыл. Қажетті құжаттар топтамасы қарыз алушының жеке куәлігі мен салық төлеушінің тіркеу номерінен ғана тұрады. Несие алу жөніндегі өтініш 3 күнде қаралады. Несиені АҚШ долларымен немесе ЕВРО-мен алуға болады.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Спорт
19 Сәуiр