Алматыда 15-сәуірден бері Халық банкінің "Ипотека Lights" атты несиелік бағдарламасы аясында 1,2 млн. доллардың несиесі берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 15-сәуірден бері Халық банкінің "Ипотека Lights"  атты несиелік бағдарламасы аясында 1,2 млн. доллардың несиесі берілді

Алматыда 15-сәуірден бері Халық банкінің "Ипотека Lights" атты несиелік бағдарламасы аясында 1,2 млн. доллардың несиесі берілді

Алматыда 15-сәуірден бері Халық банкінің "Ипотека Lights" атты несиелік бағдарламасы аясында 1,2 млн. доллардың несиесі берілді. Бұл туралы бүгін, 19-сәуірде KZ-today тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан Халық банкінің бөлшек сауда департаментінің директоры Виталий Пензов хабарлады.

  • 19 Сәуiр 2004
  • 566
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен 1 млн. доллардың ипотекалық несиесін алу туралы өтініш мақұлданды, ал жалпы өтініштер сомасы 2,5 млн. долларды құрайды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 15-сәуірден бастап Халық банкі «Ипотека Lights» деп аталатын жаңа несиелік бағдарлама аясында жеңілдетілген тәртіппен аз өсімді несиелер бере бастады. Атап айтсақ, бағдарлама бойынша қарыз алушының жылдық 7-11 проценттік өсіммен сатып алатын үйдің толық құнына тең мөлшерде несие алуға мүмкіндігі бар. Тағы бір айта кетер артықшылығы сол, бағдарлама бойынша қарыз алушының төлемдік қабілеті есептелмейді, сондай-ақ, банк несие мөлшеріне қандайбір шектеу қоймайды.
«Ипотека Lights» бағдарламасының шарты бойынша сатып алынатын үйдің өзі мен Халық банкіндегі ақшалай салым несие алуға кепілдік болмақ. Салым мөлшері қозғалыссыз мүлік құнының 15-50 проценті аралығында болуы тиіс. Несие алу мерзімі 15 жыл. Қажетті құжаттар топтамасы қарыз алушының жеке куәлігі мен салық төлеушінің тіркеу номерінен ғана тұрады. Несие алу жөніндегі өтініш 3 күнде қаралады. Несиені АҚШ долларымен немесе ЕВРО-мен алуға болады.

Соңғы жаңалықтар