Алматыда 16 жастағы қызды қағып, аулалардың бірінде қалдырып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр
Алматы полициясы қыз баланы қағып, жақын маңдағы аулалардың біріне қалдырып кеткен жүргізушіні іздестіріп жатыр, деп сәрсенбі күні қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. |
«Қайғылы оқиға құрбаны 16 жастағы қыз бала болып шықты. Ол Орбита-4 ықшам ауданындағы №11 үйдің алдынан табылған. Бас сүйегі мен миы зақымданып, қабырғалары, аяғы сынған ол қалалық №7 клиникалық ауруханаға жеткізілді. Бірақ сол жерде есін жимастан жан тапсырды», - делінген хабарламада.
Полицейлердің айтуынша, қызды қағып кеткен жүргізуші оны жақын маңдағы үйлердің ауласына апарып, орындыққа жатқызып кеткен.
Полиция қызметкерлері осы оқиғадан хабары бар азаматтардан қызды қаққан көлік пен жүргізушіні табуға көмектесуді сұрайды.
Оқиға оқиғаға қатысты ақпарды: 254-45-05, 253-02-22, 253-07-20, 8-701-718-90-47, 8-701-819-20-22 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауға болады.
ІІД ақпар берушілердің аты-жөнін құпия сақтауға және оларға сыйақы тағайындауға кепілдік беріп отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін