«Қайғылы оқиға құрбаны 16 жастағы қыз бала болып шықты. Ол Орбита-4 ықшам ауданындағы №11 үйдің алдынан табылған. Бас сүйегі мен миы зақымданып, қабырғалары, аяғы сынған ол қалалық №7 клиникалық ауруханаға жеткізілді. Бірақ сол жерде есін жимастан жан тапсырды», — делінген хабарламада.
Полицейлердің айтуынша, қызды қағып кеткен жүргізуші оны жақын маңдағы үйлердің ауласына апарып, орындыққа жатқызып кеткен.
Полиция қызметкерлері осы оқиғадан хабары бар азаматтардан қызды қаққан көлік пен жүргізушіні табуға көмектесуді сұрайды.
Оқиға оқиғаға қатысты ақпарды: 254-45-05, 253-02-22, 253-07-20, 8-701-718-90-47, 8-701-819-20-22 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауға болады.
ІІД ақпар берушілердің аты-жөнін құпия сақтауға және оларға сыйақы тағайындауға кепілдік беріп отыр.