Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оның жоғалғаны туралы хабар полицияға 23 маусымда келіп түсті.
Ведомствоның мәліметінше кәмелетке толмаған баланың орналасқан жерін анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылған.
“Күндіз бау-бақшалардың бірінің аумағында зорлық-зомбылық белгілері бар хабар-ошарсыз жоғалған адамның мәйіті табылды”,- деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Осы қылмысты жасады деген күдікпен 16 жастағы жігіт ұсталды.
“Күдікті жанжалдан кейін досын өлтіргенін айтты. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Сараптама тағайындалды”,- деп қосты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.