Алматыда 18 жастағы екі бозбала 30 жастағы жігітті соққыға жығып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 18 жастағы екі бозбала 30 жастағы жігітті соққыға жығып өлтірді

Алматыда 18 жастағы екі бозбала 30 жастағы жігітті соққыға жығып өлтірді

Алматыда 18 жастағы екі бозбала 30 жастағы жігітті соққыға жығып өлтірді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ІІББ-ның баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 4 Желтоқсан 2003
  • 564
Фото - Caravan.kz

3-желтоқсанда 13 сағат шамасында Алматы қалалық ІІББ-ның Орталық оперативтік басқармасының пультіне Павлодарская көшесінің бойындағы бір үйдің ауласынан белгісіз бір еркектің мәйіті табылғандығы туралы ақпар келіп түскен. Мәйітті көшеде ойнап жүрген балалар тауып алған көрінеді.

Жедел тергеу тобы өлген адамның аты-жөнін анықтап, оның осы ауданда тұратын 30 жастағы Алматы тұрғыны екенін білді. Сот-медициналық сарапшылардың қорытындысы бойынша, жігіт басы мен денесіне тиген сансыз соққының кесірінен таң ата бере қайтыс болған.
Арнайы жедел шаралар нәтижесінде кісі өліміне қатысы бар күдіктілер анықталып, ұсталды. Бұған дейін сотталмаған 18 жастағы жергілікті екі жасөспірім күдікті ретінде уақытша тергеу қапасына қамалды. Тергеу жұмыстары одан әрі жалғасуда.
Өткен бір тәулікте Алматыда екі кісі өлтіру, үш қарақшылық тонау, бір кісі зорлау, тоғыз ұрлық, есірткі сақтау және сатуға қатысты 7 дерек тіркелді.

Соңғы жаңалықтар