Алматыда 1942 жылы Ржев түбінде қаза болған қазақстандықтардың құрметіне естелік тақтасы орнатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 1942 жылы Ржев түбінде қаза болған қазақстандықтардың құрметіне естелік тақтасы орнатылды

Алматыда 1942 жылы Ржев түбінде қаза болған қазақстандықтардың құрметіне естелік тақтасы орнатылды

Алматыда 1942 жылы Ұлы Отан соғысы кезінде Ржев түбінде қаза болған қазақстандықтардың құрметіне естелік тақтасы орнатылды.

  • 22 Маусым 2011
  • 581
Фото - Caravan.kz

«Осыдан 70 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы басталды. Бұл – адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыс. Соғыстың ызғарын әрбір қазақстандық отбасы сезінген шығар. Жерлестеріміздің ерлігі халықтың есінде мәңгілік қалады. Бүгін біз Алматы мен Ақтөбеде жасақталған 100-ші және 101-ші ұлттық атқыш бригадаларының құрметіне мемориалдық тақтаны ашып, әкелеріміз бен аталарымыздың қаны төгілген жердің топырағы салынған капсуланы саламыз. Ол Ржевтен жеткізілді», — деді Алматы әкімі Ахметжан Есімов сәрсенбі күні салтанатты рәсімде.

Бауырластар зиратынан алынған топырақ салынған капсула 2010 жылдың желтоқсанында Ржевте 100-ші және 101-ші атқыш бригадаларының қазақстандық жауынгерлеріне арналған мемориалдық кешеннің ашылуы кезінде алынған болатын. Кешен Қазақстан президентінің бастамасымен және тапсырмасымен ҰОС-тағы жеңістің 65 жылдығын мерекелеу аясында ашылды.

Гранит тақтаға ҚР елшілігінің қызметкерлері Ресейлік қорғаныс министрлігінің орталық мұрағатынан мәліметтерін тапқан 10 мың адамның есімдері жазылған. Қазіргі уақытта Тверь облысында шайқасқан тағы 6 қазақстандық әскери құраманың жеке құрамдары туралы мәліметтер іздестіріліп жатыр.

Рәсім аясында Армияның орталық спорт клубының альпинистеріне Ржев топырағы салынған екінші капсула табыс етілді, ол бейсенбі күні ҰОС шығына 4050 м биіктікке салынады. Сондай-ақ, шыңға Жеңіс туы, Қазақстан туы және «Нұр Отан» ХДП-сының жалауы да орнатылады.

Соңғы жаңалықтар