Алматыда 1-ші Орта Азиялық "Су және су технологиялары" көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 1-ші Орта Азиялық "Су және су технологиялары" көрмесі ашылды

Алматыда 1-ші Орта Азиялық "Су және су технологиялары" көрмесі ашылды

Алматы. 16 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда 1-ші Орта Азиялық "Су және су технологиялары" көрмесі ашылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 17 Қыркүйек 2008
  • 675
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов 1-ші Орта Азиялық «Су және су технологиялары» көрмесін ашты.

Көрме Германия, Голландия, Израиль, Индия, Италия Қазақстан, Нидерланд, Польша, Ресей және Чехия мемлекеттерінен келген 40 компанияның қатысуымен өтеді.

Көрме аясында Алматыда алғаш рет «Су және су технологиялары» — WaterTech Central Asia 2008 тақырыбындағы форум өтті.

Конференцияға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменстаннан келген аталған сала министрліктерінің басшылары қатысты.

Орталық Азияны сумен қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді шешу және тиісті шешімдерді қабылдаумен қатар, форумның міндеттемесіне: тәжірибемен алмасу, коммуналды және өндіріс салаларының су шаруашылығына жаңа экологиялық технологияларды енгізу болып табылалды.

«Water Tech Central Asia 2008» экспозициялары «Атакент» халықаралық көрме кешенінің павильондарында 16-18 қыркүйек аралығында көрсетіледі.

Алматы қаласының әкімі көптеген кәсіпорындар орналасқан, халық саны көп және мемлекетіміздің кәсіпкерлік орталығы болып табылатын қалада «Су және су технологиялары» көрмесін өткізудің маңызын атап өтті.

«Су ресурстарының мәселесі — бүкіл әлемдегі бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі. Жыл сайын су тапшылығы артуда. Біз суды ұқыпты пайдалануымыз керек және су шаруашылығында жаңа технологияларды іздеуіміз қажет. Бұл жерде әлемнің түрлі мемлекеттерінің осы саладағы озық технологиялар мен тәжірибелерін алмасулары өте маңызды. Біз көрменің барлық қатысушыларына, ұйымдастырушыларына және құрметті қонақтарына жобаны жүзеге асыруда сәттілік тілейміз», — деді Ахметжан Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар