Алматыда 1-топтағы мүгедек жандарды қала ішінде тасымалдауға жаңа 3 автокөлік табысталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 1-топтағы мүгедек жандарды қала ішінде тасымалдауға жаңа 3 автокөлік табысталды

Алматыда 1-топтағы мүгедек жандарды қала ішінде тасымалдауға жаңа 3 автокөлік табысталды

Алматыда бүгін «Сәби» қайырымдылық қоры Алматы қаласының мүгедектер ұйымына 3 арнайы жабдықталған «Инва такси» шағын автобусын салтанатты түрде сыйлады.

  • 26 Шiлде 2011
  • 796
Фото - Caravan.kz

Бұл автобустар «Алматы ГазИнжиниринг» компаниясының демеушілігімен алынған.

Арнайы жабдықталған бұл автобустар арбаға танылған жандарды ғана емес, барлық 1-топтағы мүгедек адамдарды қаланың кез-келген жеріне тегін жеткізіп отырады.

«Мүгедек жандардың өздерін қоғамдағы барлық адамдардай сезінуіне және қоғамдық жұмыстарға араласуына жағдай жасау керек. Өкінішке орай мұндай қадамдар біздің елде енді ғана жасалып жатыр. Біздің бастамамызды мүмкіндігі бар еліміздің басқа да компаниялары мен ұйымдары жалғастырып әкетсе нұр үстіне нұр болар еді», — дейді «Алматы ГазИнжиниринг» компаниясының директоры Татьяна Перехова.

Жиын барысында қалалық мүгедек балалардың ата-аналары қауымдастығы, қалалық мүгедектер қоғамы және тағы басқа ұйым өкілдері қатысып, мүгедек балалардың концерттік бағдарламасын тамашалады. Балалар өздері шығарған өлеңдерін оқып, театрландырылған қойылымдарын ұсынып, би билеп салтанатты жиынның көркін қыздыра түсті.

Алайда өзге топтағы мүгедектігі бар балалардың ата-аналары мұндай жәрдемнен балаларының тысқары қалғандарына наразылықтарын байқатты. «Менің балам — екінші топтағы мүгедек. Оған қоғамдық көліктерде жүруге жеңілдік жасалған, алайда қалалық автобустарда сау адамның өзі әрең жүреді, сондықтан мұндай автокөлікпен басқа да топтың мүгедектерін қамтыса екен», — дейді Гүлжан Самарханова.

Соңғы жаңалықтар