Алматыда 2 күн ішінде қоғамдық көліктер 366 рет жол ережесін бұзды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 2 күн ішінде қоғамдық көліктер 366 рет жол ережесін бұзды

Алматыда 2 күн ішінде қоғамдық көліктер 366 рет жол ережесін бұзды

Алматы қалалық ІІД 28-30 шілде аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық шарасын өткізді.

  • 30 Шiлде 2015
  • 529
Фото - Caravan.kz

Екі күн ішінде қоғамдық көлік жүргізушілері 366 рет жол ережесін бұзған. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, 116 жүргізуші жолда қауіпті бұрылыстар жасаған. 64 жүргізуші телефонмен сөйлесіп, 9-ы жаяу жүргіншілерді өткізбеген. 9 жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс арттырса, 8 адам көлікті рұқсатсыз жабдықтаған, 8 жүргізуші рұқсатсыз жолаушы тасымалдаған, 4 автобустың техникалық қарау қағазы жоқ болып шықты.

Қалалық автопарктің 1 лауазымды тұлғасы көлікті қажетті техникалық қараусыз пайдалануға бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Соңғы жаңалықтар