Базардың әкімшілік ғимаратынан үлкен көлемде қаржы тоналғандығы туралы ақпарат полицияға келіп түскен. Белгісіз бір қылмыскер сейф тұрған бөлме есігіне кілт сәйкестіріп , сейфтен 2 млн. теңгені алып кеткен.
Оқиға орнына келіп жеткен Алмалы аудандық ІІБ қызметкерлерінің жедел тергеу шаралары барысында сейфте көп мөлшерде ақша сақтаулы тұрғанын білетін осы базардың күзетшісі тонаушылық жасағаны анықталды. Ақша толық көлемде тәркіленіп, әкімшілікке қайтарылды. Күдікті аудандық ІІБ-на жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізіле бастады.