Алматыда 2 млн. теңгені тонап кеткен базар күзетшісі ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 2 млн. теңгені тонап кеткен базар күзетшісі ұсталды

Алматыда 2 млн. теңгені тонап кеткен базар күзетшісі ұсталды

Алматы қалалық полициясы "Тастақ" базарының әкімшілік ғимаратынан үлкен көлемдегі қаржыны тонап кеткен ұрыны ізін суытпай қолға түсірді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ІІББ-ның баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 24 Ақпан 2004
  • 391
Фото - Caravan.kz

Базардың әкімшілік ғимаратынан үлкен көлемде қаржы тоналғандығы туралы ақпарат полицияға келіп түскен. Белгісіз бір қылмыскер сейф тұрған бөлме есігіне кілт сәйкестіріп , сейфтен 2 млн. теңгені алып кеткен.

Оқиға орнына келіп жеткен Алмалы аудандық ІІБ қызметкерлерінің жедел тергеу шаралары барысында сейфте көп мөлшерде ақша сақтаулы тұрғанын білетін осы базардың күзетшісі тонаушылық жасағаны анықталды. Ақша толық көлемде тәркіленіп, әкімшілікке қайтарылды. Күдікті аудандық ІІБ-на жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізіле бастады.

Соңғы жаңалықтар