Алматыда 2 шілдеде «Тарихыңды таны» экскурсиясы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 2 шілдеде «Тарихыңды таны» экскурсиясы басталады

Алматыда 2 шілдеде «Тарихыңды таны» экскурсиясы басталады

Алматыда 2 шілде күні «Тарихыңды таны» деп аталатын экскурсия өз жұмысын бастайды. Оны «Ел-шежіре» қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр.

  • 29 Маусым 2011
  • 493
Фото - Caravan.kz

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл шараның басты мақсаты — тарихи-мәдени мұраларды насихаттау және ұлттық патриотизмді күшейту. Оған балалар үйлерінің және әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалары қатыспақ.

Экскурсияның алғашқы бағыты 1970 жылы «Алтын адам» табылған Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік қорғаны болмақ. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтетін бұл шараға №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысады деп жоспарлануда. Ол балалардың жазғы демалысын ерекше есте қаларлықтай қызықты етіп өткізуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар