Алматыда «2 жылдың жемісі» деп аталатын өнер мен тапқырлық кеші өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «2 жылдың жемісі» деп аталатын өнер мен тапқырлық кеші өтеді

Алматыда «2 жылдың жемісі» деп аталатын өнер мен тапқырлық кеші өтеді

11 сәуірде Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Күлкі сұлтандары» көңілді тапқырлар клубының «2 жылдың жемісі» деп аталатын кеші өтеді.

  • 8 Сәуiр 2011
  • 470
Фото - Caravan.kz


Республикалық оқушылар сарайында болатын бұл шараны ҚазҰАУ-дің студенттік кәсіподақ комитеті ұйымдастырып отыр. Шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналуда. Кеш қонақтарының қатарында «Mr. KUNA», «Melo man», «L.A.», «Серікбол» секілді өнер жұлдыздары және «Арыс», «Бауырсақтар», «ҚазҰУ», «Темір тұлпар» көңілділер мен тапқырлар клубы бар. Жалпы қазіргі таңда бұл оқу орнында «Күлкі сұлтандарынан» бөлек «Бес жұлдыз» деп аталатын тағы бір құрама команда бар. Сондай-ақ энергетика және ақпараттық жүйелер факультетінің «Электрошок», ветеринарлық медицина және биотехнология факультетінің «Біздің жігіттер», ветсанитария және зоотехнология факультетінің «Басбармақ», инженерлік-техникалық факультетінің «13 район», орман, жер және су ресурстары факультетінің «Орман city», экономика және қаржы факультетінің «Жас қанат», ҚазҰАУ колледжінде «Ториэят» деп аталатын көңілділер мен тапқырлар командалары әртүрлі додаларда өз өнерлерін көрсетіп жүр.

Перейти к новостям спорта