Жарияланды: 2000

Алматыда 20 маусымда мектеп бітірушілердің «Жас түлек-2011» фестивалі өтеді

Алматыда 20 маусымда мектеп бітірушілердің «Жас түлек-2011» фестивалі өтеді

Алматыда 20 маусымда мектеп бітірушілердің «Жас түлек-2011» фестивалі өтеді.

«2011 жылғы 20 маусым күні сағат 09.00 –де Алматы қаласында қалыптасқан дәстүр бойынша қаланың барлық аудандарынан келген мектеп бітірушілердің делегациялары Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қояды. Бұл салтанатқа қала мектептерінің үздік бітірушілері мен білім беру жүйесінің қызметкерлері қатысады. Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойғандар арасында «Үркер» медалінің иегерлері, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық, халықаралық олимпиадалардың, оқушылардың ғылыми жоба жарыстарының, түрлі конкурстардың жеңімпаздары мен қатысушылары болады», - делінген қала әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарда. Кешкі сағат 19.00-де мектеп бітірушілердің «Жас түлек Алматы - 2011» фестивалі Балуан Шолақ атындағы спорт Сарайында жалғасады. Биылғы «Жас түлек - 2011» фестивалінде «20» санының орны ерекше. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл, осы атаулы күннен бастап 20-сыншы мектеп бітіруші түлектер, дәстүрлі «Жас түлек» фестивалі маусымның 20-ында өтеді және алғашқы рет Балуан Шолақ атындағы спорт сарайынан 20 байкер, 20 күнге, еліміздің 20 қаласына байк фест шеруге аттандырылады. Мектеп бітіруші түлектерді қазақ эстрадасының жұлдыздары, теле және радиоарналар құттықтайды. Фестиваль соңы мектеп бітірушілер кешіне ұласады. 2011 жылы мектепті 8042 түлек бітірді, оның 148 мектеп бітіруші түлектері үздік білімін дәлелдеп, жалпы орта білім туралы аттестат пен «Алтын белгі» төсбелгісін алады, ал 115 мектеп бітіруші жалпы орта білім туралы үздік аттестатқа ие болады. Салтанат барысында жас түлектерге «Алтын белгі» медалі, сертификаттар мен 15 мектеп бітірушісіне Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарына оқуға білім гранттарын беріледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін