Алматыда 2003-жылғы таңдаулы басқару жүйесін сыналтуға жарияланған байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 2003-жылғы таңдаулы басқару жүйесін сыналтуға жарияланған байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізіледі

Алматыда 2003-жылғы таңдаулы басқару жүйесін сыналтуға жарияланған байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізіледі

7-ақпанда Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында 2003-жылғы таңдаулы басқару жүйесін сыналтуға жарияланған "XXI ғасырға баршамыз сапамен барайық" атты байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізіледі,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Ақпан 2004
  • 405
Фото - Caravan.kz

Биыл төртінші рет өткізіліп отырған бұл байқаудың мақсаты ең тиімді басқару жүйесін қалыптастыра білген кәсіпорынды таңдау, қазақстандық менеджементке баға беріп талдау болмақ.

Байқау қорытындысы бойынша «ИспатКармет», «Қазқұрылыссервис», «Қазэнергокабель», «Транском», «Алматықұрылыс» Ұлттық холдинг компаниясы, «Қазхром» АҚ-ның филиалы — Дон кен байыту комбинаты тәрізді кәсіпорындар жеңімпаз атанды.
Марапаттау рәсіміне ҚР индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков, «Асар» республикалық партиясының жетекшісі Дариға Назарбаева, қоғамдық бірлестіктер, энергетика және минералды ресурстар министрлігі, Мемлекеттік стандарт пен қалалық әкімшілік өкілдері шақырылған.
Байқауды Республикалық сапа қауымдастығы ҚР индустрия және сауда министрлігінің, энергетика және минералды ресурстар министрлігінің, қалалық әкімшілік пен Қазақстан кәсіпкерлері форумының қолдауымен ұйымдастырғалы отыр.

Соңғы жаңалықтар