Тіркелген жалпы қылмыстардың арасында ауыр қылмыс түрі 15,2%, яғни 269-дан 228-ге дейін төмендеді. Бірақ , аса ауыр қылмыс 16,1%, яғни 2467-ден 2863-ке дейін көбейген. Қоғамдық жерлерде 2263 қылмыс тіркелген, бұл 17,2% төмен.
Жол полициясы қызметкерлері атқарған жұмыстарының нәтижесі бойынша, есеп беру кезеңінде Жол полициясы басқармасына жол апаты туралы 25 мыңнан астам хабарлама түскен. Олардың арасында 14 мың апатты жол полицейлері тіркеуге алған. Жол апатынан зардап шеккендер саны 12%, яғни, 1804 адамға өскен, сонымен қатар жарақаттанғандар саны 2024 адамға артқан.
Қаңтар мен тамыз айлары аралығында 115 мың жол ережесін бұзу дерегі тіркелген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті