Алматыда 2006-жылдың аяғына дейін іс жүргізу толық қазақ тіліне көшіріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда  2006-жылдың аяғына дейін іс жүргізу толық қазақ тіліне көшіріледі

Алматыда 2006-жылдың аяғына дейін іс жүргізу толық қазақ тіліне көшіріледі

Алматы қалалық әкімшілігі іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіруді 2006-жылдың аяғына дейін жүзеге асырмақшы. Бұл туралы бүгін, 31-мамырда Алматы әкімшілігінде өткен кеңейтілген мәжілісте тілдерді дамыту басқармасының бастығы Жәнібек Нәлібаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 31 Мамыр 2005
  • 374
Фото - Caravan.kz

«Бір ҚР Ата заңына сәйкес біртіндеп мемлекеттік тілге көшуге тиіспіз»,- деді қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов. Алайда, оның айтуынша, «іс жүргізу жаппай мемлекеттік тілге көшірілмейді, өйткені, тіл мәселесі — өте күрделі мәселе. Бұл жұмыстың табысы ұйым немесе мекеме жетекшісінің оған деген көзқарасы мен ұстанымына тікелей байланысты». Ол мемлекеттік қызметкер боламын деген азаматтың міндетті түрде мемлекеттік тілді білетіндігі ескеріліп, бұдан былай аудармашылық тәжірибенің ысырыла бастайтындығын, оның тілді дамытуға кедергіден басқа пайдасы жоқтығын атап өтті.

Перейти к новостям спорта