Алматыда 2008 жылдың 1 желтоқсанында "Астана" алаңында дәстүрлі Жаңа жылдық шыршаны жағу салтанаты болады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 2008 жылдың 1 желтоқсанында "Астана" алаңында дәстүрлі Жаңа жылдық шыршаны жағу салтанаты болады

Алматыда 2008 жылдың 1 желтоқсанында "Астана" алаңында дәстүрлі Жаңа жылдық шыршаны жағу салтанаты болады

Алматы. 28 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда 2008 жылдың 1 желтоқсанында сағат 19.00-де "Астана" алаңында дәстүрлі Жаңа жылдық шыршаны жағу салтанаты болады, деп хабарлайды агенттік тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 28 Қараша 2008
  • 736
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Жаңа жылдық бас шыршаны Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов жағады. Бас шыршамен қатар қаланың барлық жеті ауданының шыршалары бір мезгілде жағылады.

«Астана» алаңындағы мерекелік кеште Аяз Ата мен Қарша қыздың, ертегі кейіпкерлерінің, цирк және басқа да әртістердің қатысуымен театрландырылған көрініс қойылып, концерт ұйымдастырылады, тұрақты режимде мультфильм көрсетіледі. Мерекелік бағдарлама от шашумен қорытындыланады.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 26 желтоқсанда «Бақшасарай» кешенінде Қазақстан Республикасы президенті атынан ертегілер кейіпкелерінің қатысуымен, түрлі көңілді викториналар мен ойындар ұйымдастырылып, жетімдер мен балалар үйлерінің тәрбиленушілеріне арналған Жаңа жылдық мереке өтеді.

27 желтоқсанда Қазақ Мемлекеттік Циркінің ғимаратында Алматы қаласы әкімінің атынан тұрмысы төмен отбаслар мен көпбалалы жанұялар балалары үшін Жаңа жылдық мереке ұйымдастырылады. Мұнда да балалар театрландырылған қызықты көріністерді тамашалайтын болады.

31 желтоқсан күні «Астана» алаңында алматылықтар сағат 21.00 — 01. 00 аралығында Жаңа 2009 жылды Аяз Ата мен Қарша қыздың және басқа да ертегілер кейіпкерлерінің қатысуымен қарсы алады, от шашуды тамашалайды. Концерттік бағдарламаға қазақ эстардасының жұлдыздары, вокалды- аспапты ансамблдер, би ұжымдары қатысады.

Жаңа жыл қарсаңында Алматы қаласының Кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасы жалпықалалық «Үздік Жаңа жылдық безендіру» байқауын өткізеді. Жеңімпаздарға сыйлық ретінде автомобиль беріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар