Алматыда 2011 жылы өтетін VII Азия ойындарына арнайы салынып жатқан ғимараттарды салуға кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 2011 жылы өтетін VII Азия ойындарына арнайы салынып жатқан ғимараттарды салуға кірісті

Алматыда 2011 жылы өтетін VII Азия ойындарына арнайы салынып жатқан ғимараттарды салуға кірісті

Алматы. 18 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда 2011 жылы өтетін VII Азия ойындарына арнайы салынып жатқан ғимараттарды салуға кірісті, деп хабарлайды агенттік тілшісі БАҚ ақпаратына сілтеме жасап.

  • 18 Қараша 2008
  • 525
Фото - Caravan.kz

Алматы және Астана қалаларында VII қысқы Азия ойындарына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен 100 млрд теңге бөлінді. Алдағы жылы сауықтыру орталықтарын салуға кәсіпкерлер де тартылмақ. Шаңғы биатлон стадионы салынып жатыр, Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы мен «Медеу» мұз айдынын әлемдегі озық технологиялардың негізінде қайта жөндеуден өткізілуде. Таулы қыратта шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешені мен «Шымбұлақ» таулы базасы да кеңейтілуде.

Алматы орталығындағы Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы шорт-трек бойынша жарыстарды өткізу кезінде пайдаланылады. 2011 жылы Азия ойындары қарсаңында барлық спорт кешендер қайта жөнделіп, ірі спорт сарайлары салынуда. 2009 жылы Астанада мұз айдыны мен стадион салынып бітеді. Екі қалада да олимпиадалық қалашық пайда болады. Үш жылда 13 нысан бой көтеруі тиіс.

Мамандардың айтуынша, қазірдің өзінде біршама жұмыстар атқарылған. Мәселен, осы жылдың өзінде ғимараттардың 20 пайызы өз межесіне жетсе, 2009 жылы 40 пайыз, ал 2010 жылы Қазақстан қонақтарды күтуге дайын болады.

Қысқы Азия ойындарына қатысуға 45 мемлекеттен 2500 жуық спортшы ниет білдіріп отыр. Бұл тізім әлі де толыға түседі деп күтілуде. 2011 жылғы Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі Астанада, ал салтанатты жабылу рәсімі Алматы қаласында өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар