Алматыда 2040 жылға дейін жылу желілерін жаңарту үшін 400 млрд бөлінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 518.81
  • 596.27
+37 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 2040 жылға дейін жылу желілерін жаңарту үшін 400 млрд бөлінеді

Алматыда 2040 жылға дейін жылу желілерін жаңарту үшін 400 млрд бөлінеді

Алматыда қалалық мәслихатының кезектен тыс XXVII сессиясы өтті. Жиын барысында Алматы қаласын жылумен жабдықтауды дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары талқыланды.

  • 11 Ақпан
  • 2
Фото: Алматы әкімдігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқарма басшысының міндетін атқарушы Нұрбақыт Серікбайдың айтуынша, 2040 жылға қарай мегаполистің жылу энергиясына қажеттілігі 30 пайызға өседі. Ол бұл қажеттілікті өтеу үшін қолданыстағы жылу жүйелерін жаңғырту және жаңа энергия көздерін енгізу қажет екенін атап өтті.

Оның сөзінше, бүгінгі күні шаһардың жылу энергиясына қажеттілігін 85%-ға өтеп отырған «АлЭС» АҚ мен «АТКЭ» ЖШС-ына 2040 жылға дейін жылу желілерін жаңарту үшін қомақты қаржы керек.

-Жылу желілерін реконструкциялау және салу жөніндегі жұмыс бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады. «АлЭС» АҚ аймағына 270 млрд теңге қажет. Оның ішінде ЖЭО-2 – батыс жылу кешені жылу магистралінің құрылысына шамамен 55 млрд теңге жұмсалады. «АТКЭ» ЖШС аймағына 154 млрд теңгеден астам қаржы бөлу қажет, — деді Нұрбақыт Серікбай.