Алматыда 23 жастағы мас жүргізуші әйелді қағып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 23 жастағы мас жүргізуші әйелді қағып өлтірді

Алматыда 23 жастағы мас жүргізуші әйелді қағып өлтірді

Алматыда 23 жастағы жүргізуші әйелді қағып өлтірді. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. 

  • 18 Тамыз 2015
  • 367
Фото - Caravan.kz


Жол апаты бүгін таңғы 8 шамасында Түрксіб ауданында болған. «ВАЗ 21070» маркалі көлігі Сейфуллин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Ақпаев көшесімен қиылыста жаяу жүргін жолымен келе жатқан 54 жастағы әйелді қағып кеткен. 
Әйел басынан жарақаттанып, оқиға орнында көз жұмды. 
«Адамды басып кеткен соң да көлік тоқтамай қарама қарсы беттегі «ВАЗ-2114» көлігімен соқтығысқан. Одан соң жүргізуші көлікті сол жерде қалдырып, өзі қашып кеткен. Бірнеше сағаттан соң қашқын туысқандарының үйінде тығылып жатқан жерінен ұсталды», — деді Алматы ІІД басқарма басшысы Рустам Әбдірахманов. 
Оның айтуынша, жүргізілген сараптама көрсеткендей, Іле ауданының 23 жастағы тұрғыны мас болып шықты. 
Қазір ҚР ҚК 128-бабына сәйкес жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда. 
Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар