Алматыда 25 мамыр - 2 шілде аралығында "Kazakhstan Art Week" өнер апталығы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 25 мамыр - 2 шілде аралығында "Kazakhstan Art Week" өнер апталығы өтеді

Алматыда 25 мамыр - 2 шілде аралығында "Kazakhstan Art Week" өнер апталығы өтеді

Алматыдағы Орталық көрмеде 25 мамыр - 2 шілде аралығында "Kazakhstan Art Week" қазақстандық өнер апталығы өтеді.

  • 23 Мамыр 2011
  • 608
Фото - Caravan.kz

Көркем көрме және аукциондар дирекциясының ұйымдастыруымен өтетін өнер апталығына Ресейдің (Мәскеу, Санк-Петербург), Украинаның (Киев, Львов), Беларустың (Минск), Литваның (Вильнюс), Польшаның (Варшава) және Словакияның (Братислава) өнер шеберлері қатысады.

Апталық бағдарламасы бойынша өнердің 5 түрінен — кескіндемеден, графика, фотосурет, мүсіндеме, қолданбалы өнер түрінен халықаралық байқаулар өткізілетен болады. Әділқазылар құрамына арт-индустрияның қазақстандық және шетелдік танымал өкілдері кірген. Қатысушылар өз жұмыстарын бір уақытта байқауға және көрме бағдарламасына ұсынатын болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау барысында көптеген шеберлік сыныптар, дәрістер, сонымен қатар, шығармашылық кездесулер ұйымдастырылмақ.

Өнер апталығына қатысушылардың барлық жұмыстары Еуропаның бірнеше тілінде жарық көретін «Өнердегі жаңа тұлғалар» атты халықаралық басылымда жарияланатын болады. Басылым Еуропа мен Америка елдеріндегі галлереялар мен халықаралық көрмелерде және фестивальдерде таратылатын журнал.

Перейти к новостям спорта