Алматыда 27 маусымда болған дауылдан келген шығын 17 мамырдағы дауылдан кейінгі шығыннан да көп болады, деп болжайды әкімдік - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 27 маусымда болған дауылдан келген шығын 17 мамырдағы дауылдан кейінгі шығыннан да көп болады, деп болжайды әкімдік

Алматыда 27 маусымда болған дауылдан келген шығын 17 мамырдағы дауылдан кейінгі шығыннан да көп болады, деп болжайды әкімдік

Алматыда 27 маусымда болған нөсер жауын мен дауыл желдің салдары 17 мамырдағы дауылдан кейінгі шығыннан да көп болады, деп болжайды қала басшылығы.

  • 28 Маусым 2011
  • 599
Фото - Caravan.kz

«17 мамырдағы дауылдан кейін ауыл шаруашылығы министрлігінің желісімен Т450 млн, Алматыдан Т300 млн бөлінді. Бұл жолы көбірек бөлінеді. Дауылдан зардап шеккен «Алатау» дауажайын, «Балбұлақ» балалардың оңалту орталығын (БОО) күрделі жөндеуге көп қаржы қажет болады. Әзірге нақты есептеулер жүргізілген жоқ», — деп мәлім етті өала әкімінің бірінші орынбасары Мәулен Мұқашев.

Оның айтуынша, құлаған ағаштарды қалпына келтіру үшін Т300-500 млн қажет болады. Бұл жұмыс маусым сайын жүргізіледі.

Әкімдіктің ақпараты бойынша, Алматыда 27 маусымда болған дауыл кезінде «Алатау» балалар дауажайының, «Балбұлақ» БОО шатырларын жел жұлып әкетіп, айналасындағы ағаштарды сұлатқан. Санаторийден 42 бала, БОО-дан 41 бала мен 11 ата-ана эвакуацияланған. Олар «Алау» балалар дауажайына орналастырылды.

Бұдан басқа, қалада 161 ағаш құлаған, Медеуге барар жолдың бойында тағы 520 ағаш құлап, жол қозғалысын бөгеп тастаған. 123 автокөлік зардап шекті. Оның 14-і қатты зардап шеккен. Екі сағаттан кейін ТЖД жолды ағаштардан біршама тазарта алды.

Медеу ауданында ағаштың құлауы салдарынан төмен қысымды құбырда апат болып, 54 тұтынушы газбен қамту жүйесінен ажыратылды. Әуезов ауданында газ таратушы шкафында қауіпсіздік автоматикасы іске қосылып, 115 адам газдан ажыратылды. Бостандық және Медеу аудандарында 17 ғимараттың шатырлары дауылдан бүлінген.

«Нөсер жауын мен дауыл желдің салдарынан жоғары вольтты 16 электр желісі апатты түрде өшіп қалды. Бостандық, Алмалы және Әуезов аудандарында 13 подстанция тоқтап қалды. ГЭС каскады оқшауланған жұмысқа ауысты. Өшкен қуат 164,9 МВтқұрады», — дедіМ. Мұқашев. Дауылдан кейінгі 6 сағаттың ішінде «Алматы жарық компаниясы» АҚ күштері барлық подстанцияларды іске қосты. Аса көп зардап шеккен ПС-22Аподстанциясында әлі жұмыс жүріп жатыр.

Алматыда ТЖ кезінде 4 адам зардап шекті, оның үшеуі ауруханаға жеткізілді. Облыс бойынша мәліметтер нақтыланып жатыр.

«Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сәйкес, 27 маусымда Алматы қаласының аумағында өтпелі дауыл салдарынан жаңбыр және бұршақ күйінде қалың жауын-шашын жауып, жел күші 11 м/с болды. Ал, таулы жерде желдің күші секундына 13-16 м болған. «Каменского плато» маңындағы жел күші секундына 26 м. жеткен. ТЖ салдарын жоюға «Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі» МБ мен «Алматы қ. құтқару қызметі» МКҚК 35 техникасы мен 306 адамы тартылып отыр.

Соңғы жаңалықтар