Алматыда 341 сауда нысаны бұзылды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.31
  • 567.96
+13 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 341 сауда нысаны бұзылды

Алматыда 341 сауда нысаны бұзылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Алматыда заңсыз сауда нысандары сүріліп жатыр, деп хабарлад

  • 3 Сәуiр
  • 5
ФОТО: Рixabay/Kira Hoffmann

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыда заңсыз сауда нысандары сүріліп жатыр, деп хабарлады қалалық әкімдік.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі таңда 341 стационарлық емес сауда нысаны мен 239 күш өлшеуіш бұзылды.

Қаланың әртүрлі ауданында орналасқан сауда нысандарын сүрудегі мақсат – қала тазалығын сақтау.

«Алматының түрлі ауданында ондаған стационарлық емес нысан сүрілді: Алатау ауданында – 111, Әуезов ауданында – 67, Бостандық ауданында – 56 нысан және т.б», — дейді қала әкімдігі.

Сонымен қатар, 32 капиталды құрылыс анықталып, олардың материалдары тиісті органдарға жіберілді. Әкімдіктің айтуынша, заңсыз нысандарды бұзу жұмысы әлі де жалғасады.