Алматыда 36 адам астан ұшынып, төсек тартып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 36 адам астан ұшынып, төсек тартып жатыр

Алматыда 36 адам астан ұшынып, төсек тартып жатыр

Алматыда соңғы күндер ішінде астан ұшынғандар саны артқан.

  • 26 Тамыз 2015
  • 439
Фото - Caravan.kz

Олардың басым бөлігі қоғамдық тамақтану орындарынан дәм татқан екен. Қазіргі кезде бас-аяғы 36 адам ауруханада жатыр.

Бас ауырып, дене қызуы көтеріліп, іші ауырғандар жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Анықталғанындай, олардың бірнешеуі дөнер сататын бір нысанның асын ішіпті. Салдарынан инфекциялық аурулар ауруханасында емделуге мәжбүр. Ал санитарлық дәрігерлер тексеріс жүргізген соң кәсіпкердің сапасыз тағам сатқанымен қатар, тазалыққа да мән бермегені анықталды. Сондай-ақ аспаздардың медициналық кітапшалары жоқ болып шыққан. Оларға қатысты хаттама толтырылып, іс сотқа жолданбақ. Бірақ кәсіпкер осы сәтті пайдаланып, жөндеу жұмыстарын жүргізуді жөн көрген сыңайлы.

Қарлығаш Әбдіжапарова, Алматы қалалық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары:

Объектінің қызметі тоқтатылды. Медициналық тексерістен өтпеген жұмысшыларды жұмыстан босату туралы қаулы шығарылды. Тексеру тек конкретный факт бойынша жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар