Алматы қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінің 3-сыныбының оқушысы, келешегінен үміт күттіретін жас ақынға атақты жазушымыз Смағұл Елубаев және Құман Тастанбеков пен Бекжан Тұрыс сынды театр саңлақтары өз баталарын берсе, әншілеріміз Саят Медеуов, Мадина Садуақасова, Шахизада өздерінің әсем әндерімен жырлы кешті әрлендіре түсті.
Аталған кеш «Жас Отанның» жанындағы «Заңғар» шығармашылық бірлестігінің ұйымдастыруымен Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақтың мемлекеттік филармониясында өтті.