Алматыда 4 баллдық жер асты дүмпуі тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 4 баллдық жер асты дүмпуі тіркелді

Алматыда 4 баллдық жер асты дүмпуі тіркелді

Бүгін, 1-желтоқсанда таңертеңгі сағат 8 шамасында Алматыда жер сілкінісі тіркелді.Сейсмология институты директорының орынбасары Асқар Оспановтың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 300 шақырымда, Нарынқолға таяу жерде ҚХР аумағында болған. Жер сілкінісінің координаттары солтүстік ендіктің 42 градус 52 минуты, шығыс бойлықтың 80 градус 39 минутына дөп келді.

  • 1 Желтоқсан 2003
  • 349
Фото - Caravan.kz

Сілкініс ошағында 7 баллдық, ал Алматыда 4 баллдық жер асты дүмпуі тіркелді.

Әзірге бүліністер туралы ақпарат жоқ.
Жер асты дүмпулері қайталануы мүмкін бе деген сауалға А.Оспанов: «мұндай жер сілкінісінен кейін дүмпулер қайтадан болатыны міндетті. Қазір біздің станциялар оларды жазып жатыр»,- деді. Алайда, олар Алматы үшін қауіпті емес деп сендірді институт директорының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар