Алматыда 4 елдің құрамасы арасында өткен халықаралық турнир қазақстандық боксшылардың жеңісімен аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 4 елдің құрамасы арасында өткен халықаралық турнир қазақстандық боксшылардың жеңісімен аяқталды

Алматыда 4 елдің құрамасы арасында өткен халықаралық турнир қазақстандық боксшылардың жеңісімен аяқталды

Алматыда 14-18 ақпан күндері бокстан халықаралық турнир өтті. Достық спорт кешенінде өткен бұл жарыс Мырзағали Айтжанов жаттықтыратын Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды.

  • 20 Ақпан 2012
  • 318
Фото - Caravan.kz

Олар Франция мен Үндістан құрамасын 10:0 есебімен ұтып, Николай Хромов баптайтын ресейліктермен 5:5 есебімен тең түсті. Турнирде ел намысын Біржан Жақыпов, Қанат Әбутәліпов, Ғани Жайлауов, Данияр Елеусінов, Серік Сәпиев, Данабек Сужанов, Әділет Ниязымбетов, Алексей Севостьянов, Қамшыбек Қоңқабаев пен Иван Дычко қорғаған болатын.

AIBA-ның халықаралық дәрежегі төрешісі Нұрбек Батыров бастаған қазылар алқасының төрелігімен өткен бұл жарыста Ресей құрамасы Үндістанды 10:0, ал Францияны 9:1 есебімен ұтқан болатын. Ал Франция мен Үндістан боксшылары 5:5 есебімен тең түскен еді. Ресейліктермен болған матчта 1 жекпе-жекте басым түскендіктен француздар онда үшінші орын алды.