Caravan Logo

Алматыда 4 кіші станса әлі іске қосылған жоқ

Алматыда 4 кіші станса әлі іске қосылған жоқ

Естеріңізге сала кетейік, 27 маусымда Алматы облысының аумағында аяқ астынан қатты дауыл болып, нөсер жауған еді. Табиғаттың тосын мінезінің салдарынан кісі стансалар сөніп қалып, электр сымдары үзілген. Дауылдың екпінінен құлаған ағаштар газ құбырларын да зақымдады.

Оқиға салдарынан 95 аудандық трансформаторлық кіші станса істен шыққан болатын, 29 маусым сағат 19.00-дағы жағдай бойынша: Әуезов ауданындағы Қалқаман ауылында 8 кіші станса, Алатау ауданындағы Заря Востока кентінде 16 кіші станса, Медеу ауданында 67 кіші станса іске қосылды. Медеу ауданында 4 кіші станса әлі іске қосылған жоқ. Жөндеу жұмыстарын «Алматы Жарық компаниясы» АҚ жүргізіп жатыр.