Алматыда 40 отбасы далада қалуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда  40 отбасы далада қалуы мүмкін

Алматыда 40 отбасы далада қалуы мүмкін

Он жылға таяу уақыт Алматы қаласындағы ескі балабақшаның бірін баспана етіп келген 41 отбасы енді далада қалмақ. Өйткені ғимаратты «аукцион арқылы сатып алдым» деп жаңа қожайын жағалап жүр. Ал тұрғындардың қолында жеті жыл бұрынғы Жетісу аудандық соттың шешімімен ғимаратты жекешелендіріп алғандығын айғақтайтын заңды құжаттары бар. Соған қарамастан, енді екінші сот бұрынғы шешімді жоққа шығарып, балабақшаны өзбек азаматының еншісіне беріпті. 200-дей адам  соңғы екі айдың ішінде баспананы босатуы тиіс.      

  • 4 Маусым 2011
  • 496
Фото - Caravan.kz

Жалпы аумағы  екі мың шаршы метр жерді алып жатқан ғимарат кезінде балабақша болса, бүгінде 41 отбасы пана етіп отырған мекен. Алайда осыдан бірнеше жыл бұрын Петин есімді өзбек азаматы бұл жерді ғимаратымен қосып, 14 миллион теңгеге аукционға түскенде сатып алыпты. Енді өкілдерінен көпшілікке шықсын деген үздіксіз «сәлем» жолдауда.  

Қайда барып, қайда тұрамыз? Бұл — осыдан 10 жыл бұрын Храпуновтың заманында рұқсат беріліп, қаңырап бос қалған балабақшаның тұрғындары. Бірақ қайдан, қалай екені белгісіз, пайда болған өзбек азаматы тұрғындардың «кеттің» астына алып жатыр.

— Баспанамызды өзімізге қалдырсын!

Тұрғындардың қолында 2004 жылы Жетісу аудандық сотының шешімімен жекеменшікке алуларына толық құқық беретін құжаттары бар. Соның негізінде қираған ғираттатты қалыпқа келтіріп, жарық, жылу сынды коммуналдық жүйелерге қосылған. Алайда  екі жыл бұрын мұндағы жұртқа ойда жоқта екінші  соттан шақырту келіп, қолдарынағимаратты босату туралы хаттама табысталады.

Гүлжанат Түсіпбаева, балабақша тұрғыны:

— Енді бізге «шығыңдар» дейді, соттың шешімі солай болыпты. Ал сот кезінде іс жүріп жатқан кезде аузыңды аштырмады, халыққа сөз бермеді. Көпбалалы аналар сөйлесе, «кім сендерге бала тап деді?» деп айғайлады. «Толпа тупицы» деп айтты.

Есімхан Әбішұлы, тұрғын:

— Барлығын көрдік, соттың алдына да бардық. Жатып алып, тіпті сөйлескісі сөйлеспейді, өңшең дөкейлер.

Амалы таусылған тұрғындар ақыры жаңа қожайынмен өзара келісімге келіп, ғимаратты сатып алмақ ниет білдірген. Бірақ ол ыңғай танытқан жоқ; «дегенім болады»деп,елге сес көрсетіпті.


Жанар Балғабаева, «Шаңырақ»
Қоғамдық бірлестігінің адвокаты:

Ойлап қарасақ, бұл жерде Петиннің де өзі басты рөлойнамайды. Ол біреулердің тапсырмасын орындап жүр. Енді Жоғарғы соттың шешімін күтіп отырмыз. Кезекті бір халықпен кездесуде Петиннің  адамдарытұрғындарға: «Барлығын сатып алдық, қайда шағымдансаңдар да бізді жеңе алмайсыңдар» депті.

Петиннің кім екенін тұрғындар да білмейді. Ал ресми орындардан жауап алу мүмкін емес. Тек өзбекстандық кәсіпкер  екені ғана белгілі. Бұл жолы да  кездесуге оның өкілі келді.

Әмір Исабаев, жаңа қожайынның өкілі:

Сот екі жыл жүріп, биыл ғана шешім шығарды. Ғимараттың заңды қожайыны — Петин. Тұрғындардың басқа қоныс табуларына екі ай мерзім бергенбіз. Бізбен мәмілеге келген  сегіз отбасынан шаршы метрін 250 доллардан сатып алмақпыз. Ал қалғандары, тегін алғысы келеді. Ол мүмкін емес.

Бұл тұста көпшілік жергілікті басшылардың қателігі барын айтады. Себебі:тұрғындардың қолында бірінші соттың заңды шешімі бар болғанына қарамастан, ғимаратты аукционға салып жіберген. Ал мән-жайды білмек болып Жетісу аудандық әкімдігіне хабарласқанымызда, олартек Жоғарғы соттың шешімін күтіп отырғандарын айтты.

Соңғы жаңалықтар