Алматыда 430 мың тұрғынды тұмауға қарсы вакциналау жоспарлануда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 430 мың тұрғынды тұмауға қарсы вакциналау жоспарлануда

Алматыда 430 мың тұрғынды тұмауға қарсы вакциналау жоспарлануда

2020 жылдың 15 қыркүйегінде Алматы тұрғындарын тұмауға қарсы ауқымды вакциналау басталды. Вакциналау осы жылдың 1 желтоқсанында аяқталады.

  • 15 Қыркүйек 2020
  • 6
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың арасында:

— 65 жастан асқан 264 652 адам;

— Созылмалы аурулары бар 125 549 адам;

— 19 281 жиі ауыратын балалар;

— 9 310 медицина қызметкері;

— Жүктіліктің 2 немесе 3 триместріндегі 7 472 жүкті әйелдер;

— Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, сәбилер үйлерінің 2 289 баласы;

— 1 447 медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушылары.

Қауіп тобындағы адамдарды тегін вакциналау үшін тіркелген орны бойынша емхананың тіркеу бөлімімен алдын ала байланысып, терапевттен қабылдау тағайындау қажет. Оған қоса катаральды құбылыстардың жоқтығын растау үшін терапевттің тексеруінен өткен жөн, — делінген хабарламада.


Қосымша ақпарат алу үшін call-орталыққа 8 (727) 300-0505 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Тұмауға қарсы вакцина ЖРВИ ауруының өсуін азайту және тұмау вирусының коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін қажет. Бұл ауру кейіннен пневмония түрінде асқынуы мүмкін.

​​​​​​

Соңғы жаңалықтар